Басты бет » Жастар үні » Жас ғалымдарға баспана берілмек

Жас ғалымдарға баспана берілмек

Елімізде жас ғалымдарға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24»

Енді оларға Үкімет тарапынан жыл сайын 200 баспана бөлінеді. Ал профессорлардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға өседі. Бұл туралы Жетісу өңіріне сапары барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Салаға алдағы 3 жылда 650 миллиард теңге бөлінеді.

Оның 6,5 млрд теңгесі ғылымды дамытуға жұмсалады. Ақысыз жұмыс атқаратын Ұлттық ғылыми кеңес мүшелеріне айлық тағайындау жайы да қарастырылып жатыр.

Министрлік өз кезегінде өңірлердегі жоғары оқу орындарын дамытуға күш салады. Ол үшін 15 өңірлік, 5 педагогикалық университет таңдалды. Соның бірі – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.

Ведомство басшысы университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, кітапханасы мен телестудиясын көрді. Жатақхана мәселесі де сөз болды.