Басты бет » Жаңалықтар » Димаш Қытайдағы «Golden Panda» премиясында өнер көрсетті

Димаш Қытайдағы «Golden Panda» премиясында өнер көрсетті

20 қыркүйекте Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында өткен «Golden Panda» сыйлығымен марапаттау рәсіміне қатысты. Кештің финалында әйгілі қытайлық әнші Вэй Вэй мен Димаш «Join Hands» сыйлығының басты тақырыптық әнін орындады. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды.

«Golden Panda» – бұл сыйлықтың мәдени маңыздылығын көрсететін Панда символымен бейнеленген кинематография өнері арқылы шығармашылық алмасуды дамытуға және ортақ болашағы бар жаһандық қауымдастық құруға бағытталған халықаралық іс – шара. Бұл сыйлық бүкіл адамзаттың ортақ құндылықтарын ашатын ең жақсы фильмдерді таңдап бағалайды.

Димаш қызыл кілемде әйгілі қытай әншісі Вэй Вэйдің бірге жүріп өтті. Жанкүйерлерімен амандасып, «Dears-қа деген сүйіспеншілікпен» деген қолтаңба қалдырды.

Кештің финалында Вэй Вэй мен Димаш Golden Panda Awards «同行 Join Hands» сыйлығының басты тақырыптық әнін орындады. Түпнұсқа шығарманы әйгілі ұйымдастырушы және ән авторы Чжу Хай және композитор, Оскар сыйлығының музыкалық төрешісі Нейтан Ванг жазған.

Солистердің әуезді дауыстары ерекше үйлесім тауып барлық тыңдаушыларды толғандырды. Толық үйлесімділікпен орындалған қойылым ауқымды және мағыналы іс-шараны айқын аяқтады.