Басты бет » Жаңалықтар » Астанада «Міржақып. Оян, қазақ!» көркем фильмінің ашық көрсетілімі өтті

Астанада «Міржақып. Оян, қазақ!» көркем фильмінің ашық көрсетілімі өтті

Астанада «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы негізіндегі толықметражды көркем фильмінің ашық көрсетілімі өтті.

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі бүгіннен бастап еліміздің барлық қаласындағы Kinopark кинотеатрлар желісінен көрсетіле бастады.

Kinopark желісі дәл қазіргі уақытта Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Жаңаөзен қалаларында бар. Ертеңнен бастап фильм Семей, Өскемен, Талдықорған, Жезқазған, Петропавл, Павлодар қалаларындағы жекеменшік кинотеатрларға қойылады.

«Chaplin» кинотеатрлар желісі кестесінің тығыздығына байланысты фильм бұл киножелілерде көрсетілмейді.