Басты бет » Жастар үні » Мемлекет басшысы елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс білдірді

Мемлекет басшысы елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс білдірді

Мемлекет басшысы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады.

– Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын.

Әсіресе «Астана жастары» мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты.

Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.