Басты бет » Жаңалықтар » АҚШ-та қазақ брендін қалыптастырған жас кәсіпкер

АҚШ-та қазақ брендін қалыптастырған жас кәсіпкер

Жас кәсіпкер Айдын Есенгелді Қытайдан Америкаға тауар жеткізіп қана қоймай, қазақ брендін ашып, кәсібін дөңгелентіп отыр. Отандасымыз «Дизайны  Қарағандыда жасалған» белгісімен бірнеше өнім шығаруда.

 

Сурет Айдын Есенгелдінің әлеуметтік желі парақшасынан

«QAZAQSTAN» ұлттық арнасының АҚШ-тағы меншікті тілшісі Жалғас Сәдібекұлының арнайы репортажынан.

«Yes Candy» атауымен сатылатын жеміс тәттісі американдық балалардың сүйікті өніміне айналған. Химиялық қоспасы жоқ, таза жеміс-жидектердің шырынынан жасалған соң дәрумені де көп. Америкада азық-түлік өнімдерін шығару оңай емес. Себебі қауіпсіздігіне қойылатын талап қатаң. бірнеше дүркін сараптамадан өтеді. Сондықтан да бұл өнімді рәсімдеп шығару үшін сегіз ай кеткен. Нәтижесінде, жас кәсіпкер тәттіні тек АҚШ заңдарына ғана емес, халал стандартына да сай етіп шығарады. Қазір дизайны «Қарағандыда жасалған» қазақ бренді деген сауда белгісімен дүкендермен қатар, әлемге әйгілі «AMAZON» онлайн желісі арқылы да АҚШ тұрғындарына тарап жатыр.

 

Суреттер видео репортаждан алынды

– Бүкіл әлем Қытаймен жұмыс істеп жатыр. Бүкіл әлемде «Apple» болсын, «AMAZON» болсын, «Adidas» болсын. Брендтердің барлығы америкалық, бірақ өндірісі Қытайда жасалады. Біз де солай, брендіміз қазақтың бренді, Қазақстанда, Америкада, Ресейде сатылады. Бірақ Қытайда жасалады, – дейді Айдын.

Кәсіпкер тәттіден бөлек, қазақ брендімен жүк көліктеріне арналған сүзгіштер де шығарады. Себебі АҚШ-та бұл бизнес үлкен нарықтардың бірі. Сондай-ақ экраны бар ақылды сөмекелер де америкалық жастар арасында сұранысқа ие.

Сурет видео репортаждан алынды

– Сөмкелерге смартфонда блютоз арқылы әртүрлі жазу жазуға болады. Сурет те шығаруға болады, – деген жас кәсіпкер сөмкеден еліміздің көк Туын шығарды.

Қытаймен бизнес жасау үшін Гуанджоуға арнайы барып, бірнеше жыл оқып тіл үйреніп қайтқан Айдын қазір америкалықтарға Қытайдан кез келген тауарды жеткізіп береді. Әрі АҚШ стандарттарына сай рәсімдеуге көмектеседі. Арманы асқақ қазақ кәсіпкері сауда логистикалық мекемесін келешекте халықаралық беделді компанияға айналдыруды көздеп отыр.

 

*****

Қарағанды қаласының тумасы Айдын Есенгелді қазір 26 жаста. Төрт тіл меңгерген. Оның сөзінше, бизнеске қызығушылығы оқушы кезінен басталған. Айдын өзі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырыпты.

 

Сурет Айдын Есенгелдінің әлеуметтік желі парақшасынан

Менің есімім Айдын, Қарағанды қаласының тумасымын. Студенттік өмірімді көршілес аспан асты Қытай елінде өткіздім. Дәл қазір АҚШ-тың Нью-Йорк штатындамын, 2017 жылдан бері халықаралық саудамен айналысамын. Құрама штаттарында “Yes Export ” деген атпен өз компаниямды ашып, Қытайдан АҚШ-қа тауарлар экспорттаумен айналысамын.

Компаниямыз жайлы қысқаша мағлұмат:
«Yes Export LLC» компаниясы Қытайдан өндірісті ұйымдастыру және жеткізуді басқару, сауда-логистикалық қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Біздің қызметімізге:
-Amazon FBA;
-Қытайдан өндірушілерді, тауарларды іздеу;
-Тауарларды сатып алу(alibaba,1688);
-Өз брендіңізбен тауарларды жасау(OEM, ODM);
-Қытайда бизнес бойынша гид болу;
-Қытайдағы тауарларды, зауыттарды тексеру;
-FCL, LCL жеткізу;

Email: YesExportLLC@gmail.com
Байланыс телефоны: +1 551 340 9717