9 қыркүйектен бастап әр сенбі Ұлттық арнадан «Qazaqstan дауысы» музыкалық мегажобасының жаңа маусымы эфирге шығады.
Биыл телевизиялық байқауға қатысуға елімізден бөлек, Грузия, Әзірбайжан, Қытай, Беларусь елдерінің өнерпаздары өтінім берді. Келіп түскен 3500 үміткердің арасынан 105 қатысушы «Көрмей таңдау» кезеңіне жолдама алды.
Жоба тәлімгерлері ретінде таңдау композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджановқа, әнші Қуандық Рахымға және бұған дейінгі маусым қатысушыларына қазылық етіп, көрермен көзайымына айналған Маржан Арапбаева мен Жанар Дұғаловаға түсті. Сонымен қоса жүргізушілер қатарында да өзгеріс бар. Музыкалық мегажобаның бұл маусымын Жұбаныш Жексенұлы мен Ирина Тен жүргізеді.
Өнерсүйер қауымды әдеттегідей әр сенбі сайын қызықты өнер додасы күтеді.