Басты бет » Жаңалықтар » Өскемендегі әлімжеттік: сот екі жасөспірім қызды бас бостандығынан айырды

Өскемендегі әлімжеттік: сот екі жасөспірім қызды бас бостандығынан айырды

Өскемендегі әлімжеттік: сот екі жасөспірім қызды бас бостандығынан айырды. 

 

 

 

Сурет интернеттен алынды

Өскеменде 16 жастағы колледж студентін “соққыға жықты” деп айыпталған екі жасөспірім қыз үш жыл бас бостандығынан айырылды, үшінші жасөспірімнің бас бостандығы бір жыл шектелді.

Жауапкерлер тарабы жәбірленушіге 9 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге де міндеттелді.

Бүгін, 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі Азаттық тілшісіне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған осы шешім апелляциялық инстанцияда «өзгеріссіз қалғанын» хабарлады. Айтуынша, негізгі сот шешімі 5 шілдеде шыққан. Оған тамызда жауапкерлер шағым түсірген, бірақ апелляциялық инстанция қараусыз қалдырды.

Наурызда Өскемендегі ADK River сауда үйінің әжетханасында жасөспірім қызды бірнеше қыз соққыға жыққаны хабарланған. Оқиға видеосы сәуірде әлеуметтік желіде таралып, қоғамдық резонанс тудырған.

ЮНИСЕФ дерегінше, Қазақстанда мектептегі балалардың 66%-ы кемсітушілікке тап болады, 44%-ы әлімжеттікке ұшырайды, 24%-ы басқа балаларға кемсітушілік көрсетеді.

t.me/azattyq