Басты бет » Жаңалықтар » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Президент өз құттықтауында өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

 

«Мектептің жаны – мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз.

Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

t.me/aqorda_resmi