Басты бет » Жастар үні » 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
— Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
— Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
— Сыртқы саясат және инвестициялар;
— Экономикалық және қаржылық саясат;
— Цифрландыру;
— Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі: — Құжаттарды қабылдау;
— Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
— Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
— Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
— Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
— Ұлттық комиссия отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.