Басты бет » Жаңалықтар »  БІРЛІКТЕН АЙЫРЫЛҒАН ЕЛ ҚАҢҒЫП ҚАЛАДЫ

 БІРЛІКТЕН АЙЫРЫЛҒАН ЕЛ ҚАҢҒЫП ҚАЛАДЫ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН
(1866-1937 жж.)

✍️ ЖЕР ДЕСЕ ДІРІЛДЕМЕЙ БОЛМАЙДЫ: ЖЕР МӘСЕЛЕСІ – ӨМІР СҮРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗОРЫ.

✍️ Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.
✍️ Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.
✍️ Байлық түбі — ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.
✍️ Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса — башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.
Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.
✍️ БІЗДІҢ ЖҰРТ БОСТАНДЫҚ, ТЕҢДІК, ҚҰРДАСТЫҚ, САЯСАТ ІСІН ҰҒЫНБАСА, ТАРИХ ЖОЛЫНДА ТЕЗЕК ТЕРІП ҚАЛАДЫ.
✍️ Байлық басы көпке байлаулы емес — базарда ақша болатынға байлаулы.
✍️ Талас-тартыс жоқ болса — өмір абақтыға айналар еді.
✍️ Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.
✍️ Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.
Адам қызметіне кіріспей қазына тумайды.
✍️ БОСТАНДЫҚҚА АПАРАТЫН ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ – ҰЛТТЫҚ ЫНТЫМАҚ ҚАНА.
✍️ Өртте жүріп сабырлы болу – мақтауға сыймайды.
✍️ Өз тізгініңді өзің алып жүре алмай, шатақ-даудан шықпайтын бір ескі ауруың бар-ау, қазағым! Қылығыңды көріп ішім күйеді.
✍️ Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды.
✍️ БІЗДІҢ КЕМШІЛІГІМІЗ – ӘРКІМ ТАРИХ АРҚАЛАТҚАН ЖҮКТІ БЕЛГІЛІ ЖЕРГЕ АПАРМАЙ, СОҢЫНДАҒЫЛАРҒА ТАСТАП КЕТЕТІНДІГІ.
✍️ ҚАЗАҚТЫҢ ОҚЫҒАН АЗАМАТТАРЫ, ҚАЗАҚҚА ОСЫНДАЙДА ҚЫЗМЕТ ЕТПЕГЕНДЕ ҚАШАН ҚЫЗМЕТ ЕТІП, ПАЙДАМЫЗДЫ ТИГІЗЕМІЗ?!
✍️ Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!
✍️ ҒҰМЫР БӘЙГЕСІНДЕ БІЗДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ӨЗ БӘЙГЕСІН АЛАР!
✍️ Түзу қалам – қисайған, өткір қалам – мүжілген заман.
Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!
✍️ ЕЛДІҢ ТҰРМЫСЫН, ТІЛІН, МІНЕЗІН БІЛМЕГЕН КІСІ КӨШ БАСЫН ДА АЛЫП ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ.
✍️ Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады.
✍️ Би ғаділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды.
✍️ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАСҚЫРША ШАУЫП ОТЫРҒАН ЖҰРТТА ОҚУ, ШЕБЕРЛІК БОЛМАЙДЫ.
✍️ Не жұмыс қылсақ, осы үш: ақыл, сөз, іс сана талқысынан өтпей жұмысқа айналмайды
Адам баласы қылып жүрген іс ой-ақыл болып басталады, сөз болып сөйленеді, ия жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады.