Басты бет » Жаңалықтар » Дұрыс тамақтанып, жеңіл өмір сүр!

Дұрыс тамақтанып, жеңіл өмір сүр!

Бүгінгі қоғамда тез дайындалатын, құрамында пайдалы қоспалары аз өнімдерді көп қолданудың салдарынан асқазан, ішек жолдарының аурулары асқынып, елімізде семіз адамдардың саны артып бара жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фото: naked-science.ru

ФАНТАСТ – МЕРЕКЕ ЕМЕС!

Көп жағдайда баланың тез дайындалатын тағамдарға құмар болуына ата-аналардың өздері кінәлі. Дайындауға қолданылатын технологиясы мен құрамын ескерсек, фастфудты баланың ас мәзірінен мүлде жою керек. Немесе мұндай өнімдерді айына 1-2 рет қолданудың өзі жеткілікті. Ал бала күнделікті жейтін болса, мұның соңы асқазан ауруына, ары қарай бауырдың қабынуына, семіздік пен қан айналымы жүйесіндегі келеңсіздіктерге апарып соғады.

КӨКӨНІСТЕРДЕН ЖАСАЛҒАН ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ

ПАЙДАЛЫ ФАСТФУД

Ал мұндай зиянды астан бас тарта алмайтын балалар үшін өзіңіз дәмі мен түрі осыған ұқсас, бірақ әлдеқайда пайдалы тамақпен алмастырыңыз. Мысалы, хот-дог жасау кезінде жұмсақ, үлпілдек бөлке нанның орнына кебектен жасалған нанды алып, ортасына майлы емес піскен етті салыңыз. Дәмін келтіру үшін етті қышамен, табиғи йогуртпен, бұрыш, сарымсақ, аскөкпен тұздықтап, соңында салаты жапырағын қоясыз. Ал паприка мен карри сеуіп пеште пісірілген картоп фриге қарағанда анағұрлым дәмдірек. Кептірілген нан мен қытырлақтың орнына кептірілген жеміс пен жаңғақтарды пайдаланған дұрыс.

БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ – СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДЫ!

Гамбургер, қытырлақтар, фри, кептірілген нан және осы сынды басқа да азық-түлік өнеркәсібінің өнімдері балаға тамақ болмайды. Мұны ең бірінші ата-ана білуі тиіс және ұрпағының денсаулығы үшін аталған өнімдерден аулақ болғаны жөн.  Зерттеулерге жүгінсек, жеткіншектер отбасында нені көрсе, соған бейім болады. Олай болса, үй жағдайында өтетін жылы әңгімелесулер барысында мұндай өнімдердің зияны туралы сөйлесіңіздер. Осы салада түсірілген түрлі бағдарламаларды көрсетіңіздер. Бастысы, балаға түсінікті тілме жеткізіп, оны дұрыс тамақтана білуге үйретіңіздер!

Айжан Көптілеу,

«Jastar janary»