Басты бет » Жаңалықтар » «Картоп» пісірме бәліші

«Картоп» пісірме бәліші

Қажетті шикізаттар:

300 гр. кепкен нан (сухарики),

0,5 стақан сүт,

0,5 стақан шекер,

1 стақан жаңғақ,

550 гр. сары май,

2 ас қасық какао немесе 100 гр. шоколад

 

Дайындау тәсілі:

Кепкен нан мен жаңғақты ет тартқыштан өткіземіз. Кішілеу ыдысқа сүтті құйып шекермен какаоны араластырамыз. Егер дәмі жақсы шықсын десеңіз шоколад қосқаныңыз дұрыс. Енді осыны отқа қойып қайнатамыз. Қайнаған соң сары майды қосамыз. Енді оттан алып сәл салқындатамыз. Біраздан кейін, ет тартқыштан өткізілген кепкен нан мен жаңғақ қоспасына осы кремді араластырамыз. 15 минутқа қойып қойыңыздар. Енді картоп кейіпіне ұқсатып сәндеп, жей беріңіздер.