Басты бет » Жаңалықтар » Астанада «ҚАЗАҒЫМНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ-АЙ» атты жас отбасылар сайысы өтеді

Астанада «ҚАЗАҒЫМНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ-АЙ» атты жас отбасылар сайысы өтеді

«Қара шаңырақ» ҚБ қыркүйектегі «Отбасы күні» қарсаңында жас отбасылар арасында «ҚАЗАҒЫМНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ-АЙ» атты қалалық сайысын өткізеді.
Қолдаушысы: Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
САЙЫСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ:
⚜️Қалалық сайыс Астана қаласының және оған іргелес ауылдардың аумағында тұратын, шаңырақ көтергендеріне 1-5 жыл аралығындағы жас отбасылардың арасында өткізіледі.
☝️Байқау кезеңдеріне қажетті тақырыптық реквизиттер қатысушы жақ тарапынан толықтай қамтамасыз етілуі тиіс.
⚜️Сайыстың мақсаты мен міндеттері:
— Қазақ хaлқының сaлт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптaрын заманға сай жаңғырту, жастар арaсында насихaттау;
⚜️— Отбасы институтының мәртебесін көтеру, іргесін нығайту;
⚜️— Дәстүрлі отбaсылық құндылықтaрды жастар арасында дәріптеу;
⚜️— Жас отбасылардың қоғaмдық белсенділігін aрттыру.
☝️Қатысуға өтініш 2023 жылдың 15 тамызына дейін «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігінің электронды поштасына (qarashanyraq01@gmail.com) бекітілген үлгі (1-қосымша) бойынша жіберіледі.
САЙЫС 3 КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:
⚜️ І. «БІЗДІҢ ОТБАСЫНЫҢ БІР КҮНІ» – БЕЙНЕСАЙЫС.
Байқауға қатысушының бір күндік тыныс-тіршілігін танытатын, ұзақтығы 2 минуттан аспайтын, сапалы түсірілген (720р,1080р) бейнематериал қатысуға берілетін өтінішпен алдын-ала, ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін жолдануы тиіс.
☝️Ескерту: Ол бейнероликтің бәрі сайыста көрсетілмейді, алдын-ала қазылар алып, өлшемшартқа сай бағалайды.
Тек жеңімпаз отбасыныкі соңында көрсетіледі.
⚜️Бейнесайысты бағалау қағидалары
1. Тақырыптың ашылуы
2. Бейненің сапасы
3. Дыбыстың сапасы
4. Хронометраж талабына сай келуі
5. Монтаж креативтілігі.
⚜️ІІ. «ОН САУСАҚТАН ӨНЕР ТАМҒАН» – ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚОЛӨНЕРІ
✒️Аталған кезеңде ері мен зайыбының әзірлеп әкелген дүниелері назарға ұсынылады. Келіншектер ұмыт бола бастаған ұлттық дәмдерден ас әзірлеп әкеліп ұсынса, жолдасы қазақ қолөнерінің ер азаматтарға тән үлгісін дайындап әкелуі тиіс.
✒️Ерлі-зайыптылар өз өнімдерін қалай дайындағанын сенімді түрде түсіндіре алуы тиіс. (Мысалы, келіншегі ұлттық тағамның тарихын, дайындалу жолдарын түсіндіруі қажет.
✒️Ері қамшы өру, теңге соғу, зергерлік өнер, ағаш бұйымы, мүсін жасау, т.с.с. дәстүрлі өнер бұйымының тарихы мен әзірлену жолын баяндай алуы тиіс).
☝️Ескерту: Бұл сайыс та негізгі шара басталғанға дейін бағаланады. Қазылар сахнаның алдындағы арнайы үстелдерге қойылған әр тағам мен бұйымның қасына келіп, көріп, таныса алады, сол бойынша бағалайды.
⚜️ІІІ. «ӨНЕР, БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР» – НЕГІЗГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ. Бұл кезең үш бөлімнен тұрады.
⚜️Бірінші бөлім: Өзін-өзі таныстыру
Бұл бөлімде қатысушы өзін кез-келген жанр арқылы таныстыра алады. Ол қара өлең, ән, театрландырылған көрініс және т.б. болуы мүмкін.
⏱Берілетін уақыт: 2-3 минут.
⚜️Екінші бөлім: Зияткерлік сайыс
Бұл бөлімде қатысушыларға тарих, этнография, салт-дәстүр, фольклор, мақал-мәтел бойынша сұрақтар қойылады. (Лэд-экрандағы нөмірлер астынан сұрақтар шығуы мүмкін. Немесе қоржыннан асық алып, сондағы нөмірге сай сұрақты оқып, жауап береді).
⏱Дайындалу уақыты – 1 мин.
Жауап беру уақыты – 1 мин.
⚜️Үшінші бөлім: Өнер сайысы
Бұл бөлімде қатысушы отбасы құндылығы мен арман-мақсатын айқындайтын өзі таңдаған жанр (ән айту, ұлттық аспаптарда ойнау, би, сахналық қойылым, өлең оқу) бойынша өнер көрсетуі тиіс.
Берілетін уақыт: 3-4 минут.
Ескерту: Өнер көрсетуге қажетті барлық реквизиттер қатысушы жақ тарапынан ұйымдастырылуы қажет.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар арнайы номинациялар дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Барлық қосымша сұрақтар үшін:
Уатсапқа жазу: 8771 124-87-51 (Сандуғаш)
САЙЫС ЕРЕЖЕСІНЕ N1-қосымша
Жас отбасылар арасындағы«Қазағымның дәстүрлері-ай» қалалық сайысына қатысу өтінімі
✒️1. Отбасы мүшелерінің толық аты-жөні
✒️ балаларының саны, аты-жөні
✒️2. Отбасының қысқаша портфолиосына Гугл-диске сілтеме
✒️Портфолио құрамы:
• Неке куәлігінің көшірмесі
• Жеке куәліктерінің көшірмесі
• Суреттері (2-3 сурет)
• Жетістіктері (дипломдары)
✒️3. Сайысқа қатысу мақсаты (2-3 сөйлем)
✒️4. Байланыс коордианты (телефон нөмірі, уатсап, электронды поштасы)
Ал қанекей, жас отбасылар, қапы қалмаңыздар, сайысқа қатысыңыздар!