Басты бет » Жаңалықтар » «Сыр жастары»: Қызылордада 100-ден астам жас отбасы баспана алады

«Сыр жастары»: Қызылордада 100-ден астам жас отбасы баспана алады

Алғаш рет «Сыр жастары» бағдарламасы аясында 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі. 

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев өңірдегі әлеуметтік саланың дамуы туралы баяндамасында айтты. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге және «Отбасы» банкі арқылы 500 млн теңге қаржы қаралған.

Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы облыс жастары қатыса алады. Несие 19 жылға 5% үстемемен «Отбасы банк» арқылы беріледі, қатысушының банкте үй бағасының 10%-ын құрайтын салымы болса жеткілікті.

@qazaqstantv