Басты бет » Жастар үні » Жас ақын, жазушыларға 4 млн теңге сыйақы берілмек

Жас ақын, жазушыларға 4 млн теңге сыйақы берілмек

Тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі. 4 млн теңге сыйақысы бар. 

Президенттік әдеби сыйлық 4 номинация бойынша үздіктерді анықтайды. Үміткерлер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» бойынша өз еңбектерін ұсына алады.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Өтінімдер 2023 жылғы 30 маусымға дейін қабылданады.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, мұндай бастамалар қазақ тіліндегі контентті көбейту үшін, әсіресе балалар әдебиеті саласындағы контентті көбейту үшін қажет.

 

@qazaqstantv