Орал қаласында оздырылған ЖОО мен АОО студенттері арасында өткен «Oral jastary» фестивалі өз мәресіне жетті. Фестивальдың гала концерті «Атамекен» өнер орталығында өткізілді. 10 мыңнан астам студент қатысқан жобаның жүлде қоры 2 млн 500 мың теңгені құрады.
Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, Орал қалалық жастар ресурстық орталығы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастырылуымен өткізілді.
Аталмыш фестивальдің өтуіне атсалысып, қолдау білдіргендері үшін Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, «Жастар» Мәдениет сарайына, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияға және демеушілеріміз Облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына, «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалына ұйымдастырушылар атынан алғыс білдіреміз.
Сайыс қорытындысына тоқталсақ, Жалпы командалық есепте 307 ұпаймен
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті I орынға ие болды.
Ал 11 аталым бойынша 300 ұпай жинаған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері жүлделі II орынды қанжығаға салды.
Жалпы командалық есепте 292 ұпай жинаған Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті үздік үштікті түйіндеді.
Орал шаһарындағы 14 пен 35 жас аралығында студент жастарды бір арнаға тоғыстырған жоба өңір жастарының жан-жақты дамып келе жатқанын көрсетті.