Сандықтың түбіне алтын жасырып, ақшаны күніне үш-төрт рет қайтара санаған жөн.
Күн батқаннан кейін ақша санауға, біреуден алуға және беруге болмайды, кірер табысыңыз азаяды.
Ақшаны алған мезетте жұмсап жібермеңіз, оның үйде «түнегені» дұрыс екен.
Қас қарайғанда үй жинау табыстың жоғалуына әкеледі, сондықтан үйді таңертең немесе күндіз тазалаған абзал;
Қонақтар кете салысымен, үйді сыпыруға болмайды. Әйтпесе үйдегі молшылық пен байлық солармен «еріп кетеді».
Бөлмеде өрмекші жүргенін байқасаңыз, оның көзін құртуға асықпаңыз – жәндіктің пайда болуы ақшалай кірістен хабар береді.
Сыпыртқыны басын жоғары қаратып, үйдің бұрышына қойған дұрыс. Сол кезде сіздің шаңырағыңызға кедейлік жоламайды.
Бай адамның әмиянын бір уақыт өзіңізбен бірге ұстап жүрсеңіз, сіздің де қалтаңыз қалыңдап, ақша сақтауды үйренеді деген ырым бар.
Табалдырықтың астына күміс тиынды жасырып қойыңыз, үйге кірген кезде үнемі «ақша да менің артымнан кіріп жатыр» деп айтып жүріңіз.
Дүкенде немесе мейрамханада есеп айырысқан кезде, қайтарған ақша мыжылған яки кір болса, бірден басқасына айырбастап беруін өтініңіз.
Біреудің ақшасын санамаңыз
Біреуге əмиян сыйға тартқан кезде, міндетті түрде ішіне тиын немесе қағаз ақша салыңыз. Бос күйінде беруге əсте болмайды.
Күн батып бара жатқанда, үйден су, қоқыс, ақша шығармаңыз.
Үйде ақша ағашын өсіру де – байлық тартудың бір жолы.
Ақша ұқыптылықты ұнатады. Сондықтан ақшаңызды әрдайым әмиянда ұстаңыз. Қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса, кіріс кірмейді.