Түркияда зілзаладан ең қатты зардап шеккен Хатай аймағы болып отыр. Осы аймақта үш отандасымыз жоғалып кетті деген хабар тарады. Оның біреуі Сабина Мамадиярова кеше Антакья қаласында құтқарылды. Үйінді астында қалған екен. Жарақат алған.
Енді Мирус Құрмашев пен тағы бір отандасымыз осы аймақта жоғалғаны айтылды. Қазақстандық құтқарушылар қазір Мирус пен тағы бір қазақстандық жоғалған қалаға жетіп, іздестіру жұмыстарын бастады.
Жалпы зілзаладан Түркияда көз жұмғандар саны 13 мыңға жуықтады. 65 мыңнан астам адам жарақат алған. Ал жер сілкінісі болған сәтте Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болған деген ақпарат бар. Олар оқумен, қыдырып және саудамен барғандар көрінеді.