Басты бет » Жаңалықтар » 71 сағаттан кейін үйінді астынан аман шықты

71 сағаттан кейін үйінді астынан аман шықты

71 САҒАТ!

75 жастағы Түркия азаматы Бекир Иылдырым қираған үйлердің үйіндісінің астынан аман есен шығарылды. Құтқарылған қария жеті қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында тұрған. Жеті қабатты үй жермен жексен болған. Сондықтан да Бекир Иылдырымды құтқару оңай болған жоқ. Түркиялық мамандармен бірге Катар мен Франция елінен келген құтқарушылар қарт кісіні қатталған қирандылардың құрсауынан шығарып алды. Қарияның бір ұлы құтқарушылардың маңында әкесін күтті. Қалған төрт ұлы мен жары Стамбул қаласында екен.
Арнайы техникадан бөлек, жалаңаш қолымен керек болса тырнағымен тас тырнап жүріп бір адам өмірі үшін уақытпен санаспай күрескен құтқарушыларға Түркия елі тәнті болды. Тікелей эфир арқылы миллиондаған халық тағы бір ғажайыптың куәсі болды.