Басты бет » Жастар үні » Рухтастар Cases: білім, еңбекқорлық, патриотизм

Рухтастар Cases: білім, еңбекқорлық, патриотизм

Елордалық жастар «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Рухтастар Cases» диалог алаңында осы тақырыпты талқылады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде жастардың табысқа жетуінде маңызды рөл атқаратын үш басымдықты атап өтті. Бұл – отансүйгіштік, білімге ұмтылу және еңбекқорлық.

Кездесуде Қазақстандағы Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлейменов сөз сөйледі.

«Жастар Рухы» төрағасы Нұржан Жетпісбаев жастардың өз дағдыларын үнемі дамыту және жетілдіру қажеттігін атап өтті:

«Біздің қоғамда өз ісінің маманы атану пен еңбекқорлық ең жоғары орынға ие болуы керек. Біз сіздермен бірге жастар арасындағы осы қасиеттерді «трендке» айналдыруға тиіспіз. Бәрін сапалы жасауға тырысуымыз керек. Өйткені өз ісінің шеберлері қоғамда әрқашан сұранысқа ие болады», — деді ол.

Айта кету керек, «Рухтастар Cases» жастар сессиялары ел бойынша ұйымдастырылды.

#AMANAT #ЖастарРухы #РухтастарCases