Басты бет » Жаңалықтар » Өмірден ләззат алыңыз!

Өмірден ләззат алыңыз!

Бір жас маман жоғары оқу орнын 22 жасында бітіріп, үш жыл жұмыс таба алмапты.
Бір адам тек 50 жасында ғана директорлыққа қол жеткізсе де, 90 жыл өмір сүріпті.
Біреу бар жоғы 25 жасында басшылық қызмет атқарып, 50 жасында өмірден озды.
Біреуіміз жасымыз отыздан ассақ та өз жартымызды таба алмаудамыз. Ал бір адамда 26 жасында төрт баласы бар.
Макрон 39 жасында президент болды. Роберт Мугабе тек 63 жасында.
Шумахер 25 жасында чемпион атанса, Нино Фарино өзінің алғашқы жүлдесін 44 жасында иеленіпті.
Уоррен Баффет 56 жасында миллиардер болған. Ал Цукерберг бар жоғы 23 жасында ғана.
Кайли Дженнер 21 жастағы әлемдегі ең жас миллиардер. «Мен» деген миллиардер Ер азаматтарды артта қалдырған.
Сыра өндірумен байыған ирландық Артур Гинесса 56 жасында 21 баланың әкесі атаныпты. Ал Джордж Клуни тек 55 жасында алғаш рет бала сүйген.
Әрқайсымыз өзіміздің тағдырымызды сүреміз. Өзінің бәйгесімен, әркім өз уақытысында жарысады.
Егер зер салсақ, біздегі бар құбылыс, біздің биологиялық өз сағатымызда жүреді екен.
Кейбір достарымыз бізден оқ бойы озып шықса, біреулері бізге қызығады.
Әркімнің тағдырдан алар сыйы әртүрлі. Бұл қалыпты жағдай.
Абзалы, ешкімді күндемей, қызғанбай өмір сүру.
Сіз кешікпедіңіз.
Сіз ерте келмедіңіз.
Сіз дәл уақытысындасыз.
Қысқасы, өмірден ләззат алыңыз!
Аударған