24 қыркүйекте Алматы қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлермен фан-кездесуінде идеялық тұрғыда біздер үшін ең қымбат «Бір аспанның астындағы тағдыр» бейнебаянының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Димаш Құдайбергеннің 12 минуттық туындысы адамзаттың бірлігіне арналған. Біз бәріміз нәсілге, ұлтқа және дінге бөлісеміз, бірақ біз бәріміз жер-ананың баласымыз және бір аспан астында өмір сүреміз. Өмір – бұл ең жоғары құндылық. Бірде-бір қасиетті кітап адамдарды жауыздыққа, соғысқа шақырмайды. Ересектердің қателігі үшін балалар зардап шекпеуі керек. Осы себепті біз дүрдараздыққа жол бермей, достаса алуымыз қажет. Адамзат пен әлемнің ертеңі бүгінгі біздің қолымызда. Біз – бір үйдің, бір мекеннің, бір аспанның перзентіміз. 24 қыркүйектен бастап Димаш Құдайбергеннің сценариі бойынша түсірілген бейнебаянды youtube жүйесіндегі Димаштың ресми арнасынан көре аласыздар», – деп жазды Қанат Айтбаев.