Сағат бес болып жатыр 29.07.2022 жыл, сағат 4.30 оянып кеттім, палатада төртеуміз жатамыз, есік жанында жататын 25 жасар жігіт қиналып отыр простинаны екі қолына орап алып түйіндеп судоргасы ұстап отыр кезекші дәрігерлерді шақырып келдім, жанымдағы екеуіде оянып кетіп дәрігер қызға үшеуміз жәрдемге кірістік укол салуына тамырдан науқасқа ауа жетпей жатыр, ауа беретін апаратты қостық, жаурап қалшылдап, қол аяғы тырысып қалған кәдімгі наркомандардың ломкасы…
Осы посты жазамын деген ойда жүргемін, науқас шамалы тынышталған соң жаза бастадым посты, басынан бастайын сіздерге түсінікті болу үшін. Аурухананың неврология бөліміне дүйсенбі күні порталмен келіп жаттым, жас жігіт науқас ол кезде жатыр екен, алдында әйелі, осы төрт күн ішінде төрт рет ломка ұстады күндіз және таң ертең. Әйелінен сұрадым күйеуіңе не болған деп, ол «Горилланың» кесірі ғой деді көзіне жас алып, менде ары қарай сұрамадым, жас жігіттің өзінен сұрармын сосын пост жазармын деп ой түйдім. Күні кеше жігіттің көңіл күйі жақсы кезде сұрадым өзінен, ол күрсініп мұның бәрі гориланың кесірі ғой көке деді. Жұмысым жақсы компютерде жұмыс істеймін, бес алты банка горила жұмыс орнымда тұрады, түскі асқада бармай тек горила ішіп отыра беретінмін жұмысымды істеп деді күрсініп, міне бір жылдан асты аурумын, горила ішпеймін іздемеймін, бірақ азабын көріп жатырмын жүрегім екі рет тоқтап қалды, екі жасар қызым бар соны қимаймын деді күрсініп. Мен осыдан енді жазылып кетсең горила ішесіңба десем. «Беті құрысын енді ішпеспін» деп басы салбырап кетті тұнжыра ойлана, ары қарай қалай гориломан болып кеткенін әңгімеледі, менің диагнозым дәрігерлер қойған «энергозависимост» деді күрсініп.
Міне, бүгін бесінші күн біргеміз приступ ұстағанда тек бақылаушы болып отыратын ем, ал дәл бүгін қазір жанымдағы кеше келіп жатқан екі жігіт үшеуміз реанимироват етуге белсене қатыстық. Қалай қиналғанын айтпай ақ қойайын, тек көзі алақтап көке мені әкетпесінші айтыңызшы дегені көз алдымда тұр!
Abdimalik Isategi
«Фейсбук» парақшасынан