Басты бет » Жаңалықтар » Жаңа жұмыс орындарын ашу қажет – Президент

Жаңа жұмыс орындарын ашу қажет – Президент

Халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар. Осындай жағдайда Үкіметтің және Ұлттық Банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жұмыссыздық мәселесіне тоқталды. Әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық белең алуда.

Сурет: baq.kz

«Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жастар шығады. Кейбір аймақта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары – соның қатарында.

Үкімет және облыс әкімдері осыған назар аударуға тиіс. Жыл аяқталғанда тиісті қорытындысын шығарамыз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.