Фотосурет Александра Мыскинаның Facebook парақшасынан алынды
Александра Мыскина есімді орыс қызы өзінің Facebook парақшасында ерекше флешмоб бастағаны туралы жариялады.
«Қазақстан орыстары! Ақпараттық соғыстарға көпұлтты Қазақстанымыздың әлемін құртуға жол бермейміз. Біз Жерұйығымызды ешқашан сатпаймыз!Қазақстандағы орыстарды кейбіреулер құтқарғысы келеді екен. Неден? Мол дастарханнан, бізді жөргектен аялап өсірген әжелердің құшағынан, ұлы қазақ халқының шексіз мейірімділігі мен даналығынан ба? Біз қазақ тілін үйреніп жүрміз және үйренуге дайынбыз, өйткені біз қазақтарды шын жүректен және жан-тәнімізбен жақсы көреміз. Жаңа мектептер ашылып жатқанына және олардың қазақ тілі біз үшін проблема болып табылмайтынына қуанамыз! Ең бастысы, Алтынсарин айтқандай, «Кел, балалар, оқылық» деп, біз балаларымыздың Әлем, бейбітшілік жайлы білім алуын қалаймыз! «Қазақстан — менің Жерұйығым!» флэшмобын бастаймын!» — деп жазды Александра.