Басты бет » Табыс сыры » Өміріңізді өзгертетін 15 әдіс

Өміріңізді өзгертетін 15 әдіс

Өмірді жақсы жаққа өзгертуге қажетті кеңестерді ұсынамыз. Бұл кеңестерді тек оқып қана қоймай, оны осы сәттен бастап жүзеге асырсаңыз, 5 жылдан кейін ең бақытты, денсаулығы мықты, бойында рухани азығы мол жігерлі адам болып шығасыз. Оларды іске асыру оңай әрі көп ақшаны талап етпейтіндіктен, орындап көруге болады.

78ecf9015e5a1e528a3b1b9

  1. Әр таңды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, ояна салысымен 5 минут бойы күліңіз.

Күлкі адамның бойына энергия беріп, көңіл-күйді көтереді. Ал көтеріңкі көңіл күй денсаулықтың мықты болуына кепілдік береді. Күлкі жазылмайтын ауруды да сауықтырып жіберуі мүмкін.

  1. Әр күн сайын жаңа идеяларды қағаз бетіне түсіріп отырыңыз.

Әрдайым ізденіс үстінде болыңыз, күндердің күнінде қалайша алтынға тап болғаныңызды байқамай қаласыз.

  1. Бір апта ішінде бір кітап оқып отырыңыз.

Қиын екені белгілі. Бұл қиын тапсырманы орындау үшін көбірек оқып жаттыққаныңыз дұрыс.

  1. Мидың жұмысын жақсартатын ойындар ойнаңыз.

Сөзжұмбақ шешіп, шахмат, дойбы секілді ойындар ойнаңыз. Ойнап отыратын серіктеріңіз болмаса, ұялы телефондарыңызға осы секілді ойындарды жүктеп алсаңыз болады.

  1. Күнделік жазыңыз. Өткен күндеріңізді жазып отырып, бұрын-соңды көзге ілмеген дүниелерді байқайсыз. Осылайша, естеліктерді жаңғыртып, дұрыс әрі қате әрекеттеріңізді саралап отырасыз.
  2. Достар таңдауда мұқият болыңыз.

«Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, мен сіздің кім екеніңізді айтамын» немесе «адамды досына қарап таны». Адам баласы күнделікті араласатын 5 адамның жиынтық мінезінен тұрады. Өміріңізді жақсы арнаға бұрып, үлкен жетістіктерге жеткіңіз келсе, қоршаған ортаңызға көз салыңыз. Шабыт сыйлап, үлкен мақсаттарға жетелеудің орнына төменге тартып, уақытты шығындайтын адамдардан аулақ болыңыз.

  1. Көркем фильмдерге қарағанда, деректі фильмдерді көбірек қараңыздар. Деректі фильмдер ой-өрісіңізді кеңейтеді.
  2. Тісті мәсуекпен тазалағаннан, жіппен тазалағанның маңызы зор.
  3. Шет тілдерін меңгеріңіз. Бүгінгі таңда шет тілдерін меңгеру тек білімділігіңіздің ғана көрсеткіші емес, мидың танымдық қасиетін арттырудың жолдары. Бұл – өмірлік қажеттілік.
  4. Салауатты өмір салтын қалыптастырыңыз.

Махаббат пен мансапқа қалай бөлсеңіз, денсаулығыңызды да дәл солай қадірлеңіз. Денсаулыққа пайдалы тағамдар жеп, зиянды әдеттерден арылыңыз.

  1. Қорқыныш дегенді ұмытыңыз. Әрине, үрей мен қорқыныш әр адамның бойында бар. Алайда, оның әркімде түрліше болып көрініс табады. Ақылды адамдар қорқыныштың себебін анықтап, оны шешудің жолдарын іздейді.
  2. Ақша жинаңыз. Бір айлық табысыңыздың 10%-ын банкке салып сақтаңыз. Бес жылдан соң қаншалықты ақшаны үнемдегеніңізді көресіз.
  3. Жоқ дегенде аптаның бір күнінде жұмыс, сабақ, теледидар, дегендерді ұмытып, миыңызды тынықтырыңыз. Жәй ғана демалыңыз. Бірінші кезекте техникадан.
  4. Өзіңізге хат жазыңыз. Өзіңізге бес жылдан кейін ашып оқитындай етіп хат жазыңыз. Осы хатыңызыға сұрақ қоюды ұмытпаңыз.
  5. Махаббат – құдіретті сезім. Ғашық болыңыз! Сезімнің шырмауына түсіңіз! Бойыңызды билеген бұл сезім шаттық сыйлап, армандарыңызға еріксіз жетелейді.
  6. Жоғарыдағы әдістерді ерінбей орындап отырсаңыз, үлкен табысқа жетесіз.                                              Сурет: https://www.056.ua

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*