Басты бет » Жаңалықтар » ПАРАЛИМПИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ АЛТЫНЫ ҚОРЖЫНДА

ПАРАЛИМПИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ АЛТЫНЫ ҚОРЖЫНДА

Отандасымыз Ербол Хамитов Милан–Кортина Паралимпиадасында алтын медаль еншіледі. Парабиатлоншы отырып қуалау жарысында топ жарды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл медаль – Хамитов үшін Италияда өтіп жатқан ойындардағы екінші жүлдесі. 10 наурызда ол шаңғы спринтінде қола жүлде иеленген болатын.

Ол парабиатлоннан 4,5 шақырым қашықтықтағы із қуу дисциплинасында үздік нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі.