6-22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт жылдықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Фото: egemen.kz
Олимпиадада 16 спорт түрі бойынша 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ойындар Милан мен Кортина-д’Ампеццодан бөлек, Вальтеллина және Валь-ди-Фьемме кластерлерінде де өтеді. Қысқы Олимпиада бағдарламасына биатлон, коньки және шаңғы спорттары, шайбалы хоккей, фристайл, сноуборд, шана спорты, бобслей және ски-альпинизм сияқты негізгі қысқы спорт түрлері енген.
Қазақстаннан қысқы Олимпиада ойындарында 36 спортшы өнер көрсетеді.
Ұлттық құрама өкілдерінде қысқы Олимпиадағы кімдер лицензия алды?
Фристайл-могул — Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.
Фристайл-акробатика – Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас. Биатлон – 2 ер, 2 әйел спортшы (спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады).
Тау шаңғысы – Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.
Шаңғы қоссайысы – Шыңғыс Ракпаров.
Шаңғы жарысы — Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.
Шаңғымен тұғырдан секіру — Данил Васильев, Илья Мизерных.
Конькимен жүгіру — Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
Шорт-трек — Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
Мәнерлеп сырғанау — Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
