Астанада «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, патриоттық рухты нығайту және ұлттық құндылықтарға құрметті арттыру мақсатында «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы жарияланды. Конкурс мобилография, шығармашылық жұмыстар және ғимараттар мен аулаларды безендіру бағыттары бойынша өтті.
Аталған байқау – отансүйгіштікті шығармашылық арқылы танытуға бағытталған ауқымды жоба. Байқаудың мақсаты – азаматтық бірегейлікті нығайту, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттау және қоғамдағы шығармашылық бастамаларды қолдау.
Байқауға еліміздің 17 облысы мен үш мегаполисінің өкілдері қатысты.

Жеңімпаздардарға диплом, естелік сыйлықтар және гүл шоқтары табысталды. Салтанатты рәсім мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері өнер көрсетті.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы