Басты бет » Жаңалықтар » Дастан Сәтпаев – Чемпиондар лигасындағы ең жас мергендердің бірі

Дастан Сәтпаев – Чемпиондар лигасындағы ең жас мергендердің бірі

УЕФА Чемпиондар лигасының 5-турында алматылық «Қайрат» командасы Данияда өткен кездесуде «Копенгагеннен» 3:2 есебімен жеңілді. 17 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Чемпиондар лигасының бесінші турында «Копенгаген» қақпасына гол соғып, көзге түсті.

Фото: www.sports.kz

Тартысты өткен ойын барысында қарсыластар қақпасына қос голды соққан Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек тарихқа енді. Олар Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық футболшылар атанды. Осылайша, Дастан Сәтпаев турнир тарихында гол салған ең жас үш ойыншының қатарына кіріп, ерекше көрсеткішке қол жеткізді.

Фото: Аслан Қаженовтің Фейсбук парақшасынан

Чемпиондар лигасының бесінші турында «Қайрат» шабуылшысы Сәтбаев «Копенгаген» қақпасына гол соғып, көзге түсті.

– МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!

Қазақ балалары чемпиондар лигасында гол соға бастады. Тарихи жетістік. Кеше «Копенгагенге» қарсы матчта Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек мергендігімен көзге түсті. Жалпы футболда мықты толқын өсіп келеді. Бұл жігіттер қазір 21 жасқа дейінгі ұлттық құрамада өнер көрсетеді. Олардың ізін басып келе жатқан 19 және 17 жасқа дейінгі өрендер де жуырда Нидерланды, Ирландия, Хорватия сияқты елдердің алдына шығып, керемет жетістік тіркеді. Айтпағым, қазір ішінде жүрміз ғой, кездесеміз, көрісеміз және сұхбаттасамыз, дәл осы толқын қазақ футболын жақын болашақта Еуропа және Әлем чемпионаттарына шығара алады. Мен оған сенемін! Сәттілік! – деп жазды спорт журналисі Аслан Қаженов.

Фото: ФК Кайрат / FC Kairat

Ең жас гол соққан ойыншы рекорды Ансу Фатиге тиесілі ол 2019 жылы «Интер» қақпасына 17 жас 40 күнінде гол соқты. Одан кейінгі орында «Барселона» таланты Ламин Ямаль, ол 2024 жылы «Монакоға» қарсы матчта 17 жас 68 күнінде көзге түскен.

Бұған дейін үшінші орын «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихенаға тиесілі еді ол «Барселона» қақпасын 17 жас 119 күнінде гол соқты. Енді бұл көрсеткішті Дастан Сатпаев жаңартып, Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас үш ойыншының қатарына кірді.