Шымкент қаласында Шымкент мұнай өңдеу зауытында «Өндіріс жастары – кәсіби өсу алаңы» атты форум өтті.
Форумның алғашқы бөлімінде Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік алаңына экскурсия жасалды. Экскурсиядан кейін форум пленарлық бөлімге ұласты. Онда еліміздің жетекші компаниялары мен мекемелерінің мамандары сөз сөйледі. Олар ұйымдарында жастарға ұсынылатын жұмыс орындары мен даму мүмкіндіктері туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форумға «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Акерке Искандерова, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Президенті Цзян Жиюань, Вице-президенті Бақыт Тасқынұлы, қала әкімдігінің өкілдері, жергілікті оқу орындарының студенттері, түрлі өндіріс орындарының жас мамандары, мәслихат депутаттары мен танымал спортшылар қатысты.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында Парламент Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен «Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагері алаңында «Жұмысшы жастар аманаты» атты жоба іске қосылған болатын. Қазір жоба аясында аймақтарда бірнеше шаралар мен форумдар өтті. Атап айтқанда, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана, Шымкент қалаларында.
Қазақстанның өндірістік әлеуетін нығайту, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру және жастарды еңбек нарығына интеграциялау бір реттік шараға айналмай, келесі жылы да кешенді түрде жалғасын табатын болады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы


