Елордада техникалық және өндірістік салаларда табысты мансап құруға қызығушылық танытқан 300-ден астам жасты біріктірген «Болашақтың жұмысшы мамандықтары» жастар форумы өтті.

Форум Астана қалалық «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті және Қазақстан жастары арасында жұмысшы мамандықтарын дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмыстың маңызды бөлігіне айналды.

Форумға «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, «BI Group» компаниясының даму жөніндегі басқарушы директоры Бексұлтан Олжабай, Астана қаласы «Qazaq Gaz» Аймақтың директоры Уалихан Қымбатов, Астана қаласы Энергетика басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Есмағұлов белсенді жастар қатысты.
«Болашақтың жұмысшы мамандықтары» жастар форумы «MetalFormer» ЖШС өндіріс алаңына барудан басталып, онда қатысушылар заманауи технологиялық желілердің жұмысы мен шатыр және қаптама материалдарының дайындалу кезеңдерімен танысты.
Бағдарламаның жалғасы Политехникалық колледжде өтті, онда мемлекеттік органдардың, ірі компаниялардың және жастар ұйымдарының өкілдері қатысқан диалог алаңы ұйымдастырылды. Қатысушылар мамандардан кеңес алып, инженерлік және өндірістік бағыттардағы мансап мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алды.

Айта кетеміз, мұндай кездесулер алдағы уақытта жиі өткізіліп, жастардың жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуына, өндіріс орындарын аралауына және мамандық таңдау бойынша кеңес алуына жағдай жасалатын болады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы