Басты бет » Жаңалықтар » Астанада «Model OIC» симуляциялық ойыны өтті

Астанада «Model OIC» симуляциялық ойыны өтті

«Жастар Рухы» ұйымы мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Жастар форумының Еуразия аймақтық орталығы (ICYF-ERC) бірлесе ұйымдастырып отырған бұл жобa – халықаралық форматтағы білім беру алаңы.

«Model OIC» – ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ дипломатиялық мәдениеті мен келіссөз жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталған симуляциялық ойын.

Ойынға Астана қаласының жетекші жоғары оқу орындары мен мектептерінің студенттері және жоғары сынып оқушылары қатысуда. Атап айтқанда:
Maqsut Narikbayev University, Nazarbayev University, Coventry University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Canadian International School, Nurorda мектеп-лицейі және басқа да білім беру ұйымдары.

100-ге жуық өтінімнің ішінен 60 қатысушы іріктеліп, 4 комитетке бөлінді:
1️⃣ комитет – Экономикалық және көлік интеграциясы жөніндегі комитет.
2️⃣ комитет – Орталық Азия мен Кавказдағы геосаяси және қауіпсіздік сын-қатерлері жөніндегі комитет.
3️⃣ комитет – Әлеуметтік-экономикалық даму және тұрақты өсім жөніндегі комитет.
4️⃣ комитет (CHRCEC) – Адам құқықтары, азаматтық қатысу және қақтығыстарды реттеу жөніндегі комитет.

Бұл симуляциялық ойын ағылшын тілінде өтіп, Maqsut Narikbayev University Model UN ұйымымен бірлесе жүзеге асуда.