Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен Перизат Қайратты 10 жыл, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, Перизат Қайрат пен анасына алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған еді. Қылмыстық іс материалдары 109 томнан тұрады. Іс бойынша 47 адам зардап шеккен. Келтірілген залал соммасы 3,5 млрд теңге.
Перизат Қайраттың тәркіленетін дүние-мүліктері:
• Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, «Көк жайлау» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер.
• Mercedes-Benz S450, Lexus LX 600, Mercedes-Benz EQE, Haval H6 GT автокөліктері.
• Rebel Flowers гүл дүкені.
• 97 млн теңге және 22 мың доллардан астам қаражат.

Бұған дейін прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.