Танымал әнші Amre әлеуметтік желідегі парақшасында түрлі конкурстарға қатысса да атақ алмағанын айтты, деп хабарлайды Jastar janary.
«Мен 30 жасыма дейін “Еңбек сіңірген қайраткерін” алу мақсатым болған. Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты… Һайыр! Еш реніш емес, 30-жасыма дейін аламын — деген пенделік арманым болған, 30-дан кейінге қалды енді бұйыртса. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын», – деп жазды Amre.
Оның бұл жазбасын оқырмандарының сынына қалды.
«Қазақтың Сәкені мен Мейрамбегі атақтан тап-таза болғанда мына әңгімеңіз орынсыз емес пе?» – деген оқырманның сауалына жауап берген Amre:
«Сізге жауап қатайын: Ағаларымның жолы да, жасы да үлкен. Ол кісілер үшін жауап бере алмаймын. Мен өзім жайлы айтып жатырмын. Сәл нелеу емес! Өнер де жүріп, 75-ке келіп, өнерлік мансап жолында, еш нәтиже шығармасам, жасым үшін марапатталамын ба? «Еңбек сіңірген қайраткері» жаспен саналады деп кім айтты? Әркімнің өзінің жолы, қойған мақсаты болады. Менің жеке тұлға ретінде, өзімнің алдымдағы мақсатымда, 30-ға дейін алу болған, оны жасай алмадым. Еш бір реніш емес», – деп жазды.
Перизат САПАРОВА,
Jastar janary