Басты бет » Жаңалықтар » Димаш Мұхамеджан Тазабектің қызына үйленгені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)

Димаш Мұхамеджан Тазабектің қызына үйленгені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)

Димаш Мұхамеджан Тазабектің қызына үйленгені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)

Фото:Видеодан скрин

Күні кеше айтыс ақыны Мұхамеджан Тазабек қызын ұзатты. Ал бүгін әлеуметтік желіде «ақынның күйеу баласы – Димаш Құдайберген» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Jastar janary Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Желіде видео тарады

Желіде айтыскер ақынның қызы ұзатылып жатқаны туралы видео тарады. Желі қолданушылары күйеу жігітті әнші Димаш Құдайбергенге ұқсатты.

«Димаш емес пе?», «Димаш екен деп қалдым», «Димаш Құдайберген Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласы болды», — деп жазды желі қолданушылары.

Күйеу жігіттің аты кім?

Алайда ұзату тойынан видео салған контент-крейтор Әсия Жұман бұл сыбысты жоққа шығарды.

«Димаш Құдайберген Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласы болды деп Instagram шулап жатыр екен. Бұл тойда болған адам ретінде сіздерге шындықты айтып берейін. Той танымал адамдардың көп болуымен емес, ойлаған жоспары, идеясы өте ерекше болды. Күйеу жігіт Димаш Құдайберген емес, Омар есімді жігіт», – деді Әсия Жұман.

Видеода Бекболат Тілеуханның домбырамен ән салғанын, Тамара Асар, Арнау дуэті өнер көрсеткенін, сол сияқты Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қатысқанын байқауға болады.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бекболат Тілеуханның тойлардың бірінде домбырамен ән салып, бір үйір жылқы мен көлікке ие болғаны хабарланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assiya Zhuman (@asiya_zhuman)