Таяуда танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның «Сырғалым» атанғаны белгілі болды, деп жазды Jastar janary.
Алдымен сүйіншілеген фотосурет тарап, артынша Раушан Құдайберген өзінің әлеуметтік желісінде сырға салу рәсімінен бейнебаян жариялады.
Оқырмандары ақ тілектерін арнап, екі жасқа бақыт тілеуде.
«Жүрегіңіздің иесі осы жігіт екен! Бағыңыз ашылсын, Раушан ханым! Бақытты болыңыздар!!!», «Саған дүниедегі бар жақсылықты тілеймін!», «Құттықтаймын ханшайым, бақытыңыз ғұмырлы болсын!» деп шын ықылас тілектерін білдіріп жатқандар көп.
Instagram парақшасындағы әсемдігімен әрі нәзіктігімен сүйсіндірген фотосуреттері оқырмандарын тәнті етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram