Басты бет » Жаңалықтар » Атырауда ең кішкентай 5 жасар дирижер тұрады

Атырауда ең кішкентай 5 жасар дирижер тұрады

Атырау облысы Исатай ауданынында бүлдіршіндерден құралған оркестр бар. Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені 5 жасар, қалғандары 3-4 жастағы бүлдіршіндер.

«Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Ясина Нәбеннің дирижерлік таланты көпшілікті сүйсіндірді. Ол оркестрге 3 жасынан бастап қатысып келеді екен.

«Оның музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы кәсіби мамандардан кем емес. Оның музыканы сезінуі таң қалдырады», – дейді музыка жетекшісі Шұға Қайырлиева.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі