Басты бет » Ұлттық құндылық » «Күй күмбірі»: 1 миллионға жуық жас танымал күйлерді орындады

«Күй күмбірі»: 1 миллионға жуық жас танымал күйлерді орындады

«Наурыз мейрамы» мерекесіне орай 1 миллионға жуық жас қазақстандық бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады, деп хабарлайды Jastar janary.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті. 

Бүгін бір мезетте 1 миллионға жуық бала «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Тепең көк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» және т. б. ел ішінде белгілі күйлерді күмбірлетті.
Салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік тек мектеп оқушыларын ғана емес, сонымен қатар балабақшалардың ең жас тәрбиеленушілерін, колледж студенттерін де бір мақсатқа тоғыстырды. Мәселен, челлендждің ең кішкентай қатысушысы — 4 жасар Жұмабек Самир Қостанай облысы Қарабалық ауылының «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушісі.

Алматы қаласының Бостандық ауданының 1000 оқушысы бір мезгілде ашық аспан астында атақты күйлерді орындады.

Ал Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар қобыз, дауылпаз сияқты ежелгі ұлттық аспаптарда танымал композициялар орындады.

«Күй күмбірі» челленджі — 2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген ауқымды республикалық акция. Мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қаситеттерін қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра аспабын насихаттау.

Фото: t.me/oqu_agartu