Басты бет » Жаңалықтар » ЖАУЫНГЕР ЖЫРЫ: Әкем мені құл болсын деп туған жоқ, Ұлтын сүйер ұл болсын деп өсірген!

ЖАУЫНГЕР ЖЫРЫ: Әкем мені құл болсын деп туған жоқ, Ұлтын сүйер ұл болсын деп өсірген!

Жақында Қазақ радиосындағы “Қазақстан сарбазы” хабарының түсірілім тобы әскердегі сарбаздардың бүгінгі жай-күйімен танысып, Отардағы оқу-жаттығу жиынын көріп қайтты, деп хабарлайды Jastar janary Қазақ радиосына сілтеме жасап.
Түсірілім барысында ҚР ҚК Құрлық әскерлері Гврадейск гарнизонының 82/796 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Азатбек Бергенбек Отан жайлы жыр-толғауын оқыды.

Қаламымды айырбастап қаруға,
Бел байладым мен әскерге баруға.
Жалғыз ұлың Жаратқанға тапсырып
Дұға тілеп анам қалды ауылда.

Ақ батамен аттанған соң сапарға,
Аттерлетіп аман жеттім Атарға.
Ант бердім де кеп қосылдым қатарға
Адал қызмет етемін деп Отанға.

Мен сол сәтті шығармаймын есімнен
О, туған жер, айналайын төсіңнен.
Әкем мені құл болсын деп туған жоқ,
Ұлтын сүйер ұл болсын деп өсірген!

Көмейдегі ақтаратын шерімді,
Кірпік қақпай қорғап өтем елімді.
Жансерігім, жалғыз қара домбырам
Анда-санда ақтаратын шерімді.

Видео сілтемесі: https://fb.watch/xEibvuGNS_/

Дереккөз: Қазақ радиосы
Фото бейнежазбадан алынды