Бүгінде әлеуметтік желі адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды десек қателеспейміз. Желі негізінен көпшілік арасындағы белгілі бір арақашықтықты жақындатуға, виртуалды қарым-қатынас құруға, жаңа дос табуға және ақпарат алмасу мақсатында құрылған. Ал қазір түрлі сипатқа ие болды. Соның бірі – табыс табу құралына да айнала бастады.Енді осы әлеуметтік желілер арқылы табыс тауып отырғандар салық төлеуге міндеттеледі. Tiktok, Instagram, Youtube секілді әлеуметтік желілерде монетизация арқылы табыс табатындар 270.00 нысаны бойынша декларация тапсыруға тиіс.
Салық көлемі 10 пайыз.
Кірістердің барлық түріне, соның ішінде шетелдік компаниялардан түсетін кірістерге салық қарастырылған.