Алматыда соңғы екі жылда IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн АҚШ доллары (9,9 млрд теңге) инвестиция тартылды.
Шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда 2022–2024 жылдарға арналған «Алматы IT-экожүйесін дамыту» үш жылдық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба смарт-қалалар, жасанды интеллект, үлкен деректер және тұрақты даму сияқты негізгі бағыттарда IT-экожүйені дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған.
MOST іс-шараларына 7 мыңнан астам адам қатысты. Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ доллары, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. Жоба аясында 2 049 жұмыс орны құрылды.
Акселерация және инкубация бағдарламаларын 309 стартап сәтті аяқтады, олардың 16-сы халықаралық нарықтарда сатылымдарын растады. Жоба аясында 1 189 IT-маман мен 101 кәсіпкер оқытылды.
Сонымен қатар, «Digital Urban Planner, Smart City Engineer» бағдарламасы бойынша 55 маман даярланды.
Алматы әкімдігінің ресми сайты