Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен кездесті.
Кездесу барысында Олимпиада чемпионы өңірдегі спорт саласындағы жетістіктермен таныс болды. Облыс әкімі өз кезегінде Елдос Сметовке сәттілік тіледі.
«Олимпиада ойындарында өзіңе барша қазақ елі жанкүйер болды. Әсіресе, жастарымыздың үлгі тұтар спортшысына айналдың. Әрдайым сәттілік серік болсын!» – деп атап өтті Нариман Төреғалиев.
Сондай-ақ Елдос Сметов Батыс Қазақстан облысындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының жасөспірімдерімен кездесті. Бұл шара Батыс Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхының қолдауымен ұйымдастырылды.

