Басты бет » Жаңалықтар » Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды

Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды

Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Тайландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды.

Сегіз жасар чемпион Әбдіқайым бұған дейін шахмат ойынынан өткен «Akbulak Open-2023» халықаралық турнирінде бақ сынап, үш мәрте күміс жүлдегер атанған, әлем чемпионаттарына да қатысқан.