Басты бет » Жаңалықтар » Перизат Қайрат астаналық анаға уәде еткен пәтерді әлі алмаған

Перизат Қайрат астаналық анаға уәде еткен пәтерді әлі алмаған

Астаналық әйел Перизат Қайрат уәде берген пәтерді әлі алмағанын айтты, деп хабарлайды Jastar janary порталы tengri_kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

2022 жылдың қарашасында әлеуметтік желіде Әсел Омарова емізулі баласымен таксист болып жүрген видеосы тараған болатын. Нәтижесінде, оған пәтердің сертификаты беріліп, барлық айыппұлы төленді. Алайда Әсел әлі күнге дейін пәтерін алмаған.
Қазақстандықтар әйелге 2 миллион теңге жинап берді. Сол кезде Әселмен қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат байланысып, пәтерге сертификат табыстаған. Екі жыл өтсе де уәде етілген пәтер әлі берілмеген.   

«Үйді әлі алмадым. 3-4 ай бұрын Перизат Қайрат хабарласып, кішкене күтуімді сұрады. Бірақ қазір жағдай өзгеріп кетті. Маған сертификат берілген кезде ол құрылыс салушымен келіскен. Алайда ол жерде жерге қатысты дау туған екен. Пәтер берілетін жерде ешнәрсе жоқ, тек қоршалған аймақ тұр», – дейді Әсел.

Қазіргі таңда құрылыс салушының баспаналардың құрылысын бастауға арналған учаскесі де жоқ екен. Тұрып жатқан жатақханаға айына 85 мың теңге төлейді. Әлі күнге дейін таксист болып жүр.