Әнші Айгүл Иманбаева инстаграм парақшасындағы оқырмандарына өзінің қазіргі енесін таныстырып бейнежазба жариялады, деп жазды Jastar janary.Оның айтуынша, енесі Ақжан Жайсанбаева кезінде «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әншісі болған екен. Ансамбльдің құрметіне Айгүл есімін иеленгенін жазған әнші енесі жайлы жазба қалдырған.
– Кеш жарық достар!
Екі күн болды Алматыдан ЕНЕМ келіп, өзімнің КЕЛІНДІК міндетімді атқарып жатырмын.
Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам (Енем) 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған «АЙГҮЛ» вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76-да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің Мамамның құрбысы менің атымды сол ансамбльдің құрметіне АЙГҮЛ деп қойған екен.
Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның Анасы «АЙГҮЛ» ансамблінде ӘНШІ болғандығы кезедейсоқтық еместігі анық. Қадірлеймін!Ал бүгін менде «Хабар» арнасында таңғы эфир болды. Ал Мамамды «Абай» арнасы «Айгүл» ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады. Таңертең екеуіміз де Әртіс болып айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды.
Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді.
Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң, ол өзіңе мың есе жақсы нәрсе болып қайтады, – деп жазды Айгүл Иманбаева.
Видео соңында ол енесінің «АЙГҮЛ» ансамблінде ән айтып тұрған сәтінен фото көрсетті.