Басты бет » Жаңалықтар » Марқұм Оразалы Досбосыновтың қызы Нұрайша ұзатылды

Марқұм Оразалы Досбосыновтың қызы Нұрайша ұзатылды

Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, марқұм, белгілі айтыскер Оразалы Досбосынов пен марқұм, әнші Ажар Түзелбекқызының Нұрайша атты қызының ұзатылғанын жазды.

«Нұр-Айша Оразалықызы Қарағанды, Қарқаралының келіні болды!
Жүрегім парша-парша болып кетті!..
Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын!
Егер анаң мен әкең бар болғанда сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар ең.
Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған.
Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің!
Барған жеріңде бақытты бол!
Сен соған лайықсың!
Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет!
Нұрсұлтан мен Нұрайша – Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын!» – деп жазды әнші.