Жыл сайынғы дәстүрлі «Қазақ аруы-2024» байқауының биылғы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Jastar janary порталы.
Қызылордалық ару Ақкербез Ысқаққызы «Қазақ аруы-2024» байқауында топ жарды. Айта кетейік, ол «Сыр аруы-2024» байқауының да жеңімпазы атанды.
Ақкербез – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті.
«Өз білімім мен қабілеттерімді пайдаланып, жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттап, қоғамға пайдалы істермен айналысқым келеді.Қазақстанның «100 дарынды оқушылар» қатарында бармын және де баскетбол спорт түрінен Республика бойынша «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталғанмын.
Қазақ аруы болу – тек сұлулық емес, сонымен қатар, ізгілік, білім, және жауапкершілік.Осы қасиеттердің барлығы менің бойымнан табылады.
Мен Тарихта аты қалатын мықты тұлға болғым келеді. Сол үшін де қазір тоқтамай еңбек етудемін!» , – дейді Ақкербез Ысқаққызы.
Марапаттау барысында қазақстандық дизайнер Аида Қауменова жеңімпазға жаңа топтамасынан арнайы шапан жапты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram