Басты бет » Жаңалықтар » Батысқазақстандық жамбышы Гүлхан – “Томирис” жүлдесінің иегері

Батысқазақстандық жамбышы Гүлхан – “Томирис” жүлдесінің иегері

7-11 қараша аралығында Жамбыл облысы Меркі ауданында жамбы атудан жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Турнир жамбы атудың азия, түркі, мажар және жамбы стильдері бойынша ұйымдастырылды.
Осы турнирде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Облыстық ұлттық спорт мектебінің оқушысы Гүлхан Тезекбаева жамбы стилінен бірінші және түркі стилі бойынша екінші орын алды. Сондай-ақ осы турнирдегі «Томирис» жүлдесінің иегері атанды.
Гүлхан – Ә. Молдағұлова атындағы 38-мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы. Ат спортына алғашқы қадамын біздің этнокешенде бастаған болатын. Содан бері өзін дамытып, ат спортына қызушылығын жетілдіріп, ізденіп жүр. Бүгінгі жетістігі – оқушы үшін үлкен жетістік. Ақ Жайықта жамбы атумен аты шығып келе жатқан алғашқы қыз.
Ақмоншақ МАҚСОТҚЫЗЫ