Басты бет » Жаңалықтар » Дәулет Мұқаев: Трендтен қалмайын деген ой – әбестік

Дәулет Мұқаев: Трендтен қалмайын деген ой – әбестік

Депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында маркетингтің құрбанына айналған адамдарға қатысты пікір білдірді.

«Көрсеқызар халықпыз… Немесе маркетинг құрбанымыз!
«Дубай шоколады» деген шығып еді, енді «кәріс жүзімі» (Шэйн мускат дей ме) деген шықты. Инстаға кіріп қалсаң болды, шырт-пырт деп жеп отырғандар қатары көбейді. Соны жалпақ жұртқа жарияламай-ақ жеуге болады ғой… Кішкентай Дубай шоколадының бағасы 15-20 мың теңге болып еді, енді мына жүзімнің кішкене бір бөлігі 5-10 мың теңге деседі. «Ақша жоқ-жоқ» дейді де, талап алып жатыр халық) Оның құрамында не бар, несі пайдалы, не зиян, ол туралы басымызды ауыртқымыз келмейді. Бастысы жұрттан қалмау керек. Алла біледі, бұны да 12/24 айға бөліп төлейтіндер шықса таң қалмаймын
Ps: ақшаңыз артылып жатса, ала беріңіз. Қарсылығым жоқ. Бірақ елден, трендтен қалмайын деген ой – әбестік. Одан да мына қоңыр күзде ет жеңіздер, сорпа ішіңіздер. Міне, нағыз пайдалы тағам», – деп жазды Дәулет Мұқаев.